Семейде Nur Otan партиясы өкілдері дәріханаларды аралады

Автор: Azattyq Rýhy

Дәріханалардың қызметіне мониторинг жүргізу жалғасуда

Қалалық мәслихат хатшысы, Nur Otan партиясы фракциясының депутаты, Nur Otan партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі және дәріхана өкілдері «Медсервис +», «Іңкәр», «Аманат» көтерме фармацевтикалық қоймаларына барды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Дәріханалардың қызметіне мониторинг жүргізу бойынша мобильді топ дәрі қоймаларының басшылығымен кездесті.

«Мобильді топ көтерме қоймаларға дәрі-дәрмектің жеткіліксіз мөлшерде келіп түсуіне байанысты, дәріханалық бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын атап өтті.  Жұмыс тобы алдағы уақытта да  Семей қаласының дәріханаларына мониторинг жұмысын  жалғастыратын болады»,- делінген хабарламада.