Білім грантына өтініш беру мерзімі ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Білім беру грантына құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады

Фото: ашық дереккөзден

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Талапкерлердің өтініші бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:

  •         eGov арқылы (бейне нұсқаулықтар министрліктің желідегі парақшасында көрсетілген);
  •         ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұраққа жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).

Конкурстың нәтижесі 15 тамызға дейін белгілі болады.