Қазақстандағы соғыс ардагерлері ай сайын 300 мың теңге зейнетақы алады – Еңбек министрлігі

Автор: Бақыт Шынар

Олар сондай-ақ әлеуметтік көмектің барынша толық пакетін алады

Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда өмір сүріп жатқан соғыс ардагерлерінің ай сайын неше теңге зейнетақы алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша соғысқа қатысқан адамдарға ай сайын орта есеппен шамамен 290 мың теңге зейнетақы төленеді. Ал, соғыс кезеңінде мүгедектік алған азаматтар үшін бұл көрсеткіш 300 мың теңгеден астам соманы құрайды», - деп хабарлайды министрлік.

Қаржылай көмектен бөлек, ардагерлер мемлекет есебінен шипажайға тегін барып, ауруханаға тегін қаралады. Сондай-ақ мемлекет оларға тұрғын үй беріп, тегін дәрі-дәрмек, азық-түлік таратады.

Айта кетейік, Жеңіс күніне орай ардагерлерге бір реттік төлем ретінде 10 мың доллар төленбек.