Бүгін, 13:00
Қоғам

Еңбек министрлігі Қазақстандағы соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан аударған

Бұл – Жеңіс күніне орай берілетін бір реттік сыйақы

Еңбек министрлігі Қазақстандағы соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан аударған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге биыл 5 млн теңгеден, яғни, 10 мың доллардан астам жәрдемақы төленген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында хабарланған, деп жазады Azattyq Rýhy 

Бұдан өзге, Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттер есебінен ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсеткен екен.

«Мереке аясында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден (10 мың доллардан астам) төленді», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Жалпы алғанда, дереккөзге сүйенсек, әкімдер ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың жұбайлары сияқты санатқа жататын 32 мыңнан астам адамға осы күнге орай бір реттік жәрдемақы берген.