Денсаулық сақтау министрлігі лагерь қандай талапта жұмыс істей алатынын түсіндірді
Жаз басталар шақта, Денсаулық сақтау министрлігі қала сыртындағы балалар демалатын лагерьлердің санитариялық-эпидемиологиялық бақылауын күшейтпек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, оларға қойылатын негізгі талап мыналар: лагерьлердің сырты қоршалып, су үзілмеу керек, кәріз жүйесі таза, жарығы мен желдеткіштері жұмыс істеу ккерек.
«Барлық үй-жайлар таза жағдайда ұсталуы тиіс, рұқсат етілген дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалық жүруі керек. Лагерь әкімшілігі сондай-ақ балаларға бес мезгіл тамақ беріп, дәрігер үнемі жұмыста болу керек», - деп хабарлайды ДСМ.
Министрлік сондай-ақ балалар шомылатын су айдындары мен топырағынан сынама алып, тексермек. Маусым бойы су айдындары мен бассейндердегі судың жай-күйіне тұрақты мониторинг өтетіні белгілі болып отыр.
«2026 жылдың екінші жартыжылдығында министрлік мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын барлық балалар сауықтыру ұйымдарын мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі шеңберінде тексереді. Биыл бірінші рет жоспарлы тексеру тетігі енген, бұл тізімдер 10 мамырға дейін Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстарында жарияланады.
Қосымша түрде жоспарлы тексерулер тізіміне енбеген нысандарға өзіміз барамыз», - деп хабарлайды ДСМ.