Министрлік 340 адамға өз қалауы бойынша «Болашақ» стипендиясын берген – ЖАП

Автор: Бақыт Шынар

Оларды оқытуға 7,7 млрд теңге кеткен

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ғылым және жоғары білім министрлігі критерийге сәйкес келмесе де, 340 адамға «Болашақ» стипендиясын өз қалауы бойынша берген. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, бүгін сағатында Жоғары аудиторлық палатаның өкілі бүгін Мәжілісте Еңбек нарығындағы өзгерістер мен жасанды интеллектіні енгізуді ескере отырып, жоғары білімді кадрларды даярлау» тақырыбына орай баяндама жасаған.

Қазақстан нарығына озық білімді маман даярлауды мақсат тұтатын «Болашақ» бағдарламасының қаржысына талдау жасаған Каскин тәртіп бұзылған фактілерді атады.

«Министрліктің шешімі бойынша 340 үміткерге 7,7 млрд теңгеге жалпы іріктеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда стипендия жеке тәртіппен тағайындалған. Сонымен қатар, 151 стипендия лимиттен тыс берілген», - деп мәлім етті Каскин.

Ол сондай-ақ жасанды интеллект бағыты бойынша жоспарланған 54 стипендияның тек 5-і ғана іс жүзінде тағайындалған, ал қалған 49-ы басқа бағыттарға қайта бөлінген.