Үкімет ҰБТ-ны тұтастай жаңғыртып, оны бір рет қана тапсыратындай етпек

Автор: Бақыт Шынар

Тест грантқа түсудің жалғыз бағасы болып қалады

Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеу тағы да трансформацияға ұшырамақ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды 

«ҰБТ-ны тұтастай жаңғыртып, оны бір рет тапсыратындай етіп бекіту қажет. Бұл грант конкурсына қатысу үшін объективті әрі ең басты баға ретінде қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар білім деңгейін өзін-өзі бағалау және дайындық әдістерін уақытылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады», - деп мәлім етті ол бүгін, 17 сәуір күні.

Айта кетейік, бұған дейін Аида Балаева мұғалім мамандығын таңдаған студенттер енді ҰБТ-мен қатар, ауызша емтихан тапсыратынын да мәлімдеген еді.