Астананың Дін істері басқармасы Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салды

Автор: Бақыт Шынар

Ол заңсыз діни кітап таратты деп айыпталған

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін Дарын Мубаровқа 865 мың теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басқарма өзінің ресми сайтында Дарын Мубаров ел арасында «уағызшы» ретінде танылғанын жазған. Және басқарманың мәліметінше, Дарын Мубаров осыдан жеті ай бұрын тура осы бап бойынша айыппұл алған.

«Бұған дейін, 2025 жылғы қазанда ол осындай әрекеті үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Яғни, азамат бір жыл ішінде заң талаптарын қайта бұзып отыр. Сот Дарын Мубаровты әкімшілік құқық бұзу фактісін қайта жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салды. Бұл бүгінде 865 000 теңге», - деп хабарлайды қаланың Діни басқармасы.