Бұған дейін үкімет бұл саланы лицензия арқылы бақыламаған сияқты
Үкімет енді автомектептердің бақылауын күшейтіп, олардың жұмысын енді ғана лицензияламақ. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткен болатын. Сол кеңесте айтылғандай, енді жүргізуші куәлігін алғысы келген қазақстандықтар бұрынғыдай тегін түрде үш рет қана емес, ақылы негізде, арасына 10 күн сала отырып, шексіз емтихан тапсыра алады.
Бұдан басқа, енді үкімет автомектептердің қызметіне қойылатын талаптар күшеймек.
«Автомектептердің жұмысын бағалау кезінде жүргізушілерді даярлау сапасы мен азаматтардың кері байланысы ескеріледі. Сондай-ақ олардың қызметін лицензиялау енгізу жоспарланып отыр. Жүргізушілерді даярлау сапасы төмен болған жағдайда лицензияны толық кері қайтарып алу шарасы қарастырылады», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, үкімет академиялық адалдық, емтихан тапсырған кездегі сыбайлас жемқорлықты жою үшін де бірнеше шара көзделген.