Олар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған
Семей қаласында прокуратура полиция басқармасының әкімшілік тәжірибесіне тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына қатысты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабы бойынша істерді рәсімдеу кезінде заң талаптарының сақталмағаны белгілі болды. Атап айтқанда, тексерулер құқықтық статистика органдарында тиісті тіркеусіз жүргізілген.
Соның салдарынан полиция қызметкерлері 60 әкімшілік хаттама толтырған. Прокуратураның араласуынан кейін бұл істер заңсыз деп танылып, тоқтатылды.
Нәтижесінде кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келген. Сонымен қатар, заң бұзушылықтарға жол берген 11 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.