Ауыр депрессияда жүрген мыңдаған мұғалім Жұлдыз Сүйлейменоваға не үшін хат жазғаны белгілі болды
Министрдің айтуынша, кез келген тестілеу жазалау емес, қарапайым жүйеге айналуы керек
Жуырда оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстандағы пән мұғалімдері «педагогтердің білімін бағалау» тестілеуінен босағанын мәлімдем, ұстаздардан сүйінші сұраған еді. Бүгін ол осы тестілеу мыңдаған мұғалімді күйзеліске ұшыратқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Аттестация жазалау емес. Аттестация ұстаздарымыздың денсаулығына кері әсер ететін емес, олардың күнделікті беріп жүрген еңбегін бағалайтын білім жүйесіне айналуы шарт. Баршаңызға осы нәрсенің астын сызып тұрып айтқым келеді. Маған білім тестілеуін тапсырған кезде күйзеліске ұшыраған мұғалімдердің хаттары мыңдап келеді. Немесе бұл тесттің ұстаздардың денсаулығына кері әсер еткенін олар көшеде көрсе де айтып жүр», – дейді Сүлейменова.
Оның айтуынша, мұғалімдердің неше жыл бойы өз таңдаған пәні бойынша білім алып, кейін мектепке жұмысқа келіп, тақтаның алдында 40 минут сабақ беруінің өзі – ерлік.