Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарғандар жауапқа тартылды

Автор: Дәулет Ботагөз

22 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Фото: © istockphoto.com

Маңғыстау облысында баланы күтіп-бағуға алимент төлеуден қашқан 104 борышкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қадағалау органының мәліметінше, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында алимент төлеуден қасақана жалтарғандарға қатысты қатаң шаралар қабылданған.

  • 22 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды;
  • 82 адам әкімшілік жазаға кесілді.

Прокурорлардың айтуынша, борышкерлердің арасында ұзақ уақыт бойы балаларына ақша аудармай, жұмысқа орналасудан қашқан және нақты табыстарын жасырып келгендер бар.

Қабылданған прокурорлық шаралардың нәтижесінде мемлекет пайдасына емес, тікелей балалардың шотына 53 млн теңге өндірілді. Осылайша, өңірдегі 366 кәмелетке толмаған баланың заңды құқығы қорғалып, тиісті қаражатына қол жеткізді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы алимент бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіру жұмыстары жалғаса беретінін ескертті.