Шу қаласының тұрғыны TikTok-та «отырып» көршісін жамандаған – оның ісі сотта қаралды

Автор: Бақыт Шынар

Тараптар сот барысында татуласқан

Фото: pixabay

Жамбыл облысы Шу ауданының соты «TikTok» желісіндегі жеке парақшасында көршісін жамандағаны үшін істі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл соттарының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Шу қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы көршісінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқан. Басылымда жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат бар.

«Сотта ол кінәсін ішінара мойындаған, көршісінен кешірім сұраған. Жәбірленуші істің мән-жайын растап, алайда азаматша А.-мен татуласқанын мәлімдеп, іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұраған. Сот тараптардың пікірін тыңдай келе, іс өндірісін тоқтатқан», - деп хабарлайды Жамбыл соттары.

Қаулы заңды күшіне енді.