Оның 56 мыңы полицияның жедел басқару орталығына қосылған
Қазір Астанада 217 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 56 мыңы полицияның жедел басқару орталығына қосылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Былтыр осы камералардың арқасында полиция 3 мыңнан астам қылмыстың бетін ашып, 41 мың әкімшілік құқық бұзук фактілерінің бетін ашқан.
Биылдың өзінде бұл камералар 400-ден астам қылмыстың бетін ашқан көрінеді.
«Камералар тұрғын үйлердің кіреберістері мен аулаларында, ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық орындарда, көлік инфрақұрылымы нысандарында, білім беру мекемелері мен мемлекеттік ұйымдарда орнатылған», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.