Үкімет жыл басынан бері қиярды 31 пайызға арзандатқан

Автор: Бақыт Шынар

Үкімет бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы бағаны үш есеге арзандатқан

Фото: istockphoto.com

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте бірінші тоқсанның алдын ала қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 0,3% қымбаттаған.

«Жалпы алғанда, бірінші тоқсанда баға 1,2% қымбаттады, бұл да 2025 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден (3,8%) үш есе төмен. Бұл динамика баға өсімінің тұрақты баяулауын көрсетеді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Осының ішінде үкімет көкөніс бағасын арзандатқанын айтып отыр.  

«Жыл басынан бері қырыққабат 1,9%, қызанақ 2,6%, пияз 10,9%, қияр 22,6% арзандаған. Жыл басынан бері қияр бағасы 31,1% арзандады», - деп хабарлайды үкімет.