Қазақстанның әрбір азаматы туғаннан бастап өмірінің соңына дейін мемлекеттен 42 түрлі жәрдемақы ала алады

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанның әрбір азаматы дүниеге келген сәтінен бастап мемлекеттен 42 түрлі жәрдемақы ала алады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қазақстанда әр азамат туғаннан бастап 42 түрлі мемлекеттік төлем түріне қол жеткізе алады.Бұл төлемдер отбасыларды қолдаудан бастап, өмірдің әртүрлі кезеңдерінде көрсетілетін көмек түрлерін қамтиды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осы ретте Азаматтарға арналған үкімет биыл жыл басынан бері ең көп рәсімделген жәрдемақылардың түрлерін атаған.

Мәселен, жыл басынан бері 79 797 адам жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алған. Ал, 50 мыңнан астам адам бала туған кезде және оның күтіміне берілетін жәрдемақы рәсімдеген.

Ал 40 мыңнан астам адам баласы 1,5 жасқа толғанша төленетін жәрдемақыға ие болған.