Былтыр жеке сот орындаушылары 354 мың іс бойынша ақшаны мәжбүрлеп өндірген
2026 жылғы соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстандағы әкелер балаларына 18 млрд теңге алимент төлемей жүр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Әділет министрлігінің Міндетті атқару комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, биыл комитет алимент бойынша қарызы бар адамдардың ісін әлдеқайда қысқартқан.
«2025 жылы 354 мың құжат бойынша мәжбүрлеп алимент өндіру ісі қаралған. Оның ішінде 60 мың құжат орындалды. Ал, биыл бұндай құжаттардың саны 295 мың. Соның ішінде, 12,7 мың алимент ісі проблемалы болып саналды. Олардың қарызы 18 млпд теңге», - дейді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, қарызы бар әкелердің алименті көбіне жалақысынан өндіріледі. Сондықтан, алимент төлегісі келмеген әкелер жалақысын жасырады немесе кірісін әдейі бұрмалап көрсетеді.