Жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге 500 млрд теңгеге жуық қаржы аударылған
Қазақстаннан ең көп ақша Ресейге аударылса, елге келетін ақшаның басым бөлігі Кореядан түскен

Ұлттық банктің хабарлауынша, жыл басынан бері Қазақстан бойынша халықаралық ақша аударымдары жүйелері пайдалана отырып 32,2 млрд теңге сомаға 0,2 млн транзакция жіберілген. Осы аралықта Қазақстаннан шетелге 473,8 млрд теңге сомаға 2 млн транзакция жасалған.
«Шетелге негізгі ақша жіберушілер Қазақстан Республикасының резиденттері (83%) болып табылады. Шетелге жіберілген аударымдар көлемінен 50%-дан астамы таяу шетелдерге – Ресей Федерациясына (32,3%) және Өзбекстанға (22,0%) жіберілді», - дейді Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.
Дәл осы уақытта елге аударылған ақша көлеміне келсек, ХААЖ арқылы 260,8 млрд теңге сомаға 1,2 млн транзакция алынды. Шетелден алынған көлемнен 60%-ға жуық Ресей Федерациясынан (39,4%) және Оңтүстік Кореядан (18,8%) жіберілді. Ақша аударымдарының жалпы көлемі 506 млрд теңге сомаға 2,1 млн транзакцияны құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,3%-ға көп.