Жамбыл облысында екі ай ішінде кәмелет жасына толмаған 27 қыз жүкті болған

Автор: Бақыт Шынар

Бірақ, басқарма басшылары олардың бәрі 16 жастан асқанын хабарлап отыр

Фото: freepik.com

Жамбыл облысында соңғы екі ай ішінде кәмелет жасына толмаған 27 қыздың аяғы ауыр болғаны анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«TARAZ 24» телеарнасының мәліметінше, бұл 2026 жылдың қаңтар-ақпан айындағы мәлімет.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі бөлім басшысы Айжан Терлікбаеваның айтуынша, 27 жасөспірім әлі 18 жасқа толмаған. Бірақ, олардың арасында 16 жастан кіші қыздар жоқ дейді ол.

Дереккөзге сүйенсек, былтыр осы уақытта 44 жасөспірім қыздан жүктілік анықталған.

Ал, биылғы мәліметті тереңірек зерттесек, жүкті болған қыздардың 23-і 16-17 жастағы қыздар. Тағы 4 қыз тұрмысқа шыққан.