Астанада жаңа босанған аналар мен сәбилері ыңғайсыз жағдайға тап болған – іске прокуратура араласты

Автор: Бақыт Шынар

Олар тегін «дәрі-дәрмек қобдишасын» алмай қалған екен

Фото: ЖИ жасаған, © freepik.com / Sakura Tanaka

Астана қаласындағы Нұра ауданының прокуратурасы осы аудандағы перзентханада болған келеңсіз жағдайды шешкен: перзентханада жаңа босанған аналар тегін берілетін «дәрі-дәрмек қобдишасын» алмаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 5-бабының 3) және 4) тармақтарына сәйкес, ана мен баланы қорғау және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. Ал, бұл перзентханадан шыққан 1 150 ана мен балалары тегін «Дәрі-дәрмек қобдишасын» алмай қалған», - деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Сондықтан, іске прокуратура араласып, әйелдерге қобдиша таратылған. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.