Бұл науқан келе жатқан Наурыз мейрамына орай өткен
Астанада 18 мыңнан астам оқушы бір сәтте асық атып, өз деңгейінде рекорд орнатты, деп жазады Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ауқымды шараның бір бөлігі Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен. Сарайға жиналған 3000 бала «АЛТЫН САҚА» флешмобына қатысып, «Алшының» суретін және «Алтын сақа» деген жазу жазып шыққан.
Бұндай ауқымды акциялар қаланың басқа да мектептерінде өтіп, бүкіл қала бойынша 18 000-нан астам бала асық атып ойнаған.
«Мәдени-спорттық іс-шараның басты мақсаты – асық ойынын кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік мәнін түсіндіру және жас ұрпақтың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру», - деп хабарлайды әкімдік.