15.03.2026, 17:30
Қоғам
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
Тізімдегі азаматтардың елу пайызға жуығы өз таңдауын жасап үлгерген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Тараз қаласындағы №5 дауыс беру учаскесінде «AMANAT» партиясы атынан бақылаушы болып отырған Гаухар Шәріпханова референдум әділ өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Референдум әділ өтіп жатыр. Тұрғындар белсенді, учаскеге келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Осы уақытқа дейін тізімге енген азаматтардың елу пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді. Бұл тұрғындардың ел өміріндегі маңызды шешімге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдіруге ниетті екенін көрсетеді», - деді ол.
Шәріпханованың айтуынша, дауыс беру кезінде ешқандай заң бұзу фактілері тіркелмеген.
«Жалпы учаскедегі атмосфера өте жақсы. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Бәрі жақсы өтіп жатыр», - деді бақылаушы.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды