«Үйде үш қызы бар, бүгін тағы үш қызы дүниеге келді»: Атырауда бір күнде екі үшем туған
Бұл отбасы қуанышын жасыра алмай жатыр
Референдум күні Атырау облысының перинаталды орталығында қатарынан екі үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті Аtyrautoday.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, бүгін үшемін бауырына басқан бақытты ананың бірі – Гүлшат Аханова.
«Атырау облысының перинаталды орталығындағы №22 жабық референдум учаскесінде дауыс берген ананың бірі – Гүлшат Аханова. Ол бүгін дүниеге үшем әкелді. Гүлшаттың үйінде үш қызы бар, бүгін тағы үш қызын бауырына басып, алты баланың анасы атанды», - дейді дәрігерлер.
Дереккөзге сүйенсек, Гүлшат Атырау қаласының жанындағы Ақжар ауылының тұрғыны. Бүгін туған қыздарына Нұрила, Сәбира және Хадия деп ат қойған.
Ал, Гүлшаттан басқа бүгін осы перзентханада Айдана Ерғалиева үш ұлын дүниеге әкеліп, перзхентханадағы референдум учаскесінде дауыс берген.