Жалпы, ауа райы бұзылған екі күн ішінде облыстың барлық деңгейдегі дәрігерлері 2000 шақыруға барған
Қостанай облысының жедел жәрдемі соңғы екі тәулік ішінде 2000 шақыру қабылдап, әртүрлі науқастарға көмек көрсеткен. Боранға байланысты жолдар жабылып, көлік бара алмайтын жерлерге олар жаяу барған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жедел жәрдем қызметкерлері шалғайдағы ауылдарға да, әртүрлі станцияларға да, тіпті, жол мүлде жабық болған елді мекендерге барып, халыққа көмек көрсеткен.
«Соның ішінде, дәрігерлер талма ауруы бар адамға, әртүрлі жарақат алған науқастарға, тіпті, миына қан шапқан адамдарға шұғыл жетіп, ТЖМ қызметкерлерімен бірге оларды эвакуациялаған», - деп хабарлайды ДСМ.
Министрлік жол жабылған кезде науқасқа асыққан жедел жәрдем қызметкерінің видеосын жүктеп, оларға шын жүректен алғыс айтқан.