Қазір құжат ашық талқыланып жатыр
Астана қаласы әкімдігінің «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» Ашық-нормативтік құқықтық актілер сайтына жаңа құжат шығара отырып, қаладағы LRT пойызының билетін 200 теңге деп бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемнің бағасы 200 теңге, жеңілдігі бар адамдар үшін 0 теңге деп бекіту ұсынылды», - деп жазылған құжатта.
Құжат наурыздың 27-сіне дейін талқыланады. Айта кетейік, әрбір азамат LRT-мен қатынау үшін өз атына төлем картасын басып шығаруы керек екені хабарланып отыр.