Астанада екінші ауысымдағы оқушылардың жартысы онлайн оқитын болды

Автор: Бақыт Шынар

Қалада әлі де ақтүтек боран соғып тұр

Фото: istockphoto.com

Бүгін, 12 наурыз күні Астана қаласында бірінші ауысымдағы 0-12 сынып оқушылары және колледждің 1-2 курстары түгел қашықтан білім алған еді. Түстен кейін 0-6 сынып оқушылары да сабақты онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қаладағы қатты жел әлі басылған жоқ. Дегенмен, аяз қайтып, күн жылынған.

Сондықтан, білім басқармасы 7-12 сынып оқушылары үшін сабақты қашықтан оқу форматына ауыстырған жоқ.