$ 489.39  567.99  6.19
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2026, 14:42
Қоғам

Енді Қазақстан ТМД елдерінің бірінде радиация деңгейі күшейсе, бірден хабардар болады

ТМД елдері радиациялық жағдай туралы деректермен тұрақты алмасып тұрады

Енді Қазақстан ТМД елдерінің бірінде радиация деңгейі күшейсе, бірден хабардар болады
Фото: spectr.com.kz

Парламент Мәжілісі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Келісім 2023 жылғы 8 маусымда Сочиде жасалған. Құжатқа сәйкес, ТМД мемлекеттері радиациялық ахуалдағы өзгерістер туралы бір-біріне жедел ақпарат беріп, трансшекаралық радиоактивті заттардың таралу қаупі туындаған жағдайда деректерді тұрақты түрде бөліседі.

Ынтымақтастық аясында елдер радиациялық жағдай туралы ақпарат алмасу үшін жауапты мемлекеттік органдардың өзара байланысын ұйымдастыруға келіседі. Олар өз аумағындағы радиация деңгейі мен оның өзгерістері туралы маңызды мәліметтерді бір-біріне тұрақты түрде жеткізіп отырады. Егер радиоактивті заттардың басқа елдерге таралу қаупі немесе нақты жағдайы анықталса, соның ішінде үшінші мемлекеттердің аумағына қатысты жағдайларда да, тараптар дереу деректермен алмасады.

Келісімге сәйкес, құзырлы органдар ақпарат алмасудың ортақ тәртібін әзірлейді. Бұл құжатта қандай деректер берілетіні, олардың форматы, қанша уақыт сақталатыны, ТМД елдерінің аумағындағы радиациялық жағдай көрсеткіштерін беру тәртібі және жауапты органдардың байланыс деректері көрсетіледі.