05.03.2026, 11:00
Қоғам
«Ұлттық ұланның» әншілері автобустағы қыз-келіншектерге ерекше сыйлық жасады (ВИДЕО)
Сондай-ақ олар Астанадағы әртүрлі орындарға барып, әйелдерге ілтипат танытқан
Фото: Ұлттық ұлан
«Ұлттық ұланның» аңызға айналған Ерлер хоры Астанадағы әртүрлі нысандарда жұмыс істейтін нәзік жандыларды, ойын-сауық орталықтары мен автобустағы қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, ерекше сый жасады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Олар автобустағы әр әйелге гүл беріп, әдемі ән арнады. Ойын-сауық орталықтарын аралап жүрген әйелдердің көңілін көтеріп, ән салды.
«Музыкалық тосынсый жолаушылардың ерекше ықыласына бөленді. Хордың орындауындағы «Сұлу қыздар» әнін көпшілік жылы қабылдады. Қойылым кезінде ұландықтар нәзік жандыларға гүл сыйлап, келе жатқан мерекелерімен құттықтады», - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды