Бұл – «Отбасы банкінде» депозиті бар азаматтардың мемлекеттен алған сыйақысы
Ақпан айының соңғы күні мен наурыздың басында «Отбасы банкте» тұрғын үй жинақ депозиті бар 591 709 азаматтың шотына 157 280 теңге көлемінде мемлекеттік сыйақы түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттен сыйақы алған азаматтардың арасында I және II топтағы 12 059 мүгедек, 57 551 көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 10 679 отбасы, сондай-ақ «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 13 966 азамат бар.
«Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы алғанда, қазақстандықтарға есептелген мемлекеттік сыйақының сомасы 124,4 млрд теңге болған. Соның ішінде, 591 709 адам сыйаөының ең көп мөлшері, яғни, 157 280 теңгеден алған.
Естеріңізге сала кетейік, кеше біз басқа банктерден тұрғын үй депозитін ашу баспана бағасын төмендете ме деген мәселеге қатысты сараптама ұсынған болатынбыз.