Ол қызылшаның өршіп бара жатқанына алаңдады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі ата-аналарға видеоүндеу арнап, балаларды қызылшаға қарсы егу керек екенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол «ана ретінде де, дәрігер ретінде де балалар үшін алаңдайтынын» айтып, қызылшаның өршіп бара жатқанын ескертті.
«Қазір елімізде қызылша ауруын жұқтырғандар көбейді. Бұл «қарапайым балалар инфекциясы» емес. Қызылша — асқынуы ауыр болуы мүмкін қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ол пневмонияға, нерв жүйесінің зақымдануына және басқа да күрделі салдарға әкелуі мүмкін. Әсіресе ерте жастағы балалар осал келеді», - дейді Әлназарова.
Сондықтан, министр атап өткендей, Денсаулық сақтау министрлігі 6–10 айлық балаларды қосымша иммундау басталды, екпе алмаған балаларға қайда вакцина сала бастаған. Осы шаралардың арқасында қызылша жұқтырғандардың саны сәл де болса азайған.
«Сенімді қорғанудың жалғыз жолы — вакцинациялау. Оның қауіпсіздігі мен тиімділігі көпжылдық тәжірибемен дәлелденген. Сіздерді дәлелді медицина қағидаттарына және мамандардың ұсынымдарына сүйенуге шақырамын. Балаңызға екпе жасату арқылы сіз тек өз балаңызды ғана емес, өзге балаларды да қорғайсыз», - деді Әлназарова.