«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған

Автор: Бақыт Шынар

Олар «әдемі» датаны ерте белгілеп, АХАЖ бөліміне арыз берген

Фото: otyrarkz

Бүгін, 2026 жылдың 26 ақпанында Шымкент қаласының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі қатарынан 51 жас жұбайдың некесін қиған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Отырар» сайты жазғандай, АХАЖ бөлімі әрине бұндай ажиотажды бүгінгі «әдемі» датамен байланыстырып отырады.

Қалалық АХАЖ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың басынан бері 895 неке қиылған. Былтыр қала бойынша 7052 жұп отбасын құрған.