Жалпы, халыққа қызмет көрсету орталығының 22 бөлімшесі ілкі жобаға қосылған
Қазақстандағы 32 аудан мен қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығының 22 бөлімшесі азаматтарды алдын ала жазып, қабылдай алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Азаматтарға арналған үкімет» порталының мәліметіне сүйенсек, бұл бастама сәтті жүзеге асса, басқа бөлімшелерге де енгізу жоспарда бар.
«Еліміз бойынша 32 аудан және қаладағы ХҚКО бөлімінде қызмет көрсету алдын ала жазылу форматына көшеді. Енді тұрғындар өзіне ыңғайлы күн мен уақытты алдын ала таңдап, белгіленген уақытта келе алады», - деп хабарлайды порталдың баспасөз қызметі.
Бұл ілкі жоба 20 ақпанда басталған. Енді осы 22 бөлімшенің қызметкерлері шалғай ауылдардан келетін азаматтардың уақытын жоғалтпай, алдын ала жазылған талондары арқылы кезексіз қабылдайды.