Ол 15,6 жылын түрмеде өткізеді
Түркістан облысының соты ең резонансты істердің біріне нүкте қойды: туысының небары 15 жастағы қызын зорлап, жүкті қылған зейнеткер 15 жыл алты айын түрмеде өткізетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот бүгін, 24 ақпанда өтті. Судья оны «кәмелет жасына толмаған баланы зорлау» және «біреудің үйіне заңсыз кір» баптары бойынша соттады. Өйткені, ақпарат құралдарында жазылғандай қыздың анасы Астанаға кеткенде туысы үйіне кіріп, оның қасында үш күн болған. Қыздың әкесі зираттың күзетшісі деген ақпарат бар.
Өкінішке қарай, қыз бала осы зорлық-зомбылықтан кейін жүкті болып қалған. Оның аяғы ауыр екені байқалған кезде ата-анасы дабыл қағып, қылмыскерді іздеген. 15 жастағы оқушы Астанаға келіп босанып, Келеске қайтып барған соң әке-шешесі арыз жазып, тергеу басталған.
Айта кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, ауыл халқы айуандық жасаған адамның ауылдан көшіп кетуін талап етіп, бас көтерген еді.