Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Түркістандағы көпбейінді индустриалды-техникалық колледждің жатақханасында жұмыс істейтін қызметкерлер қыз балаларға ұлдардың бөлмесін жинатпақ болған. Оқу-ағарту министрлігі осы мәселеге қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігі кәмелетке толмаған қыздарды жұмысқа тартпақ болған қызметкерлерге сөгіс жариялаған.
«ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмаған білім алушыларды жұмыс жасауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оларға қысым көрсетуге жол берілмейді. Бұл – бала құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалануға тыйым салатын талаптарға қайшы әрекет. Тексеру нәтижесінде жауапты тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», - деп хабарлайды министрліктің Балалардың Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.