Сондай-ақ, қаланың бірнеше бағыты бойынша көп қабатты үй салуға да шектеу салынбақ
Астана қаласының мәслихаты қала шетінен жер беру мен көп қабатты үй салуға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр. Мәслихаттың бұл шешімі «Ашық нормативтік құжаттар» порталында 9 наурызға дейін талқыланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатта жазылғандай, жоспар, магистральді инженерлік желілер мен әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ аумақтардан жер беруге және тұрғын үй салуға 2035 жылға дейін уақытша тыйым салу жоспарланып отыр.
«Құжатта К-1 айналма жолының солтүстік бөлігінде, Өндіріс тасжолы бойында, К-1 айналма жолының солтүстік-шығыс бөлігінде, Алаш тасжолы бойында, сондай-ақ айналма жолдың шығыс бөлігінде, Астана – Қарағанды тасжолы бойында құрылыс салуға уақытша тыйым енгізу туралы тармақ қосу көзделген», – деп жазылған құжатта.
Құжаттың жобасы 2026 жылдың 9 наурызына дейін талқыланады.