Тиісті бұйрық күшіне енді
Қазақстанда Үндістан шығаратын «Десилмакс» препаратын медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынды. Енді ол айналымнан алынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы 2026 жылғы 11 ақпандағы бұйрыққа қол қойған.
«Сериясы BSE92301A, жарамдылық мерзімі 07.2026 ж. дейінгі «Десилмакс» дәрілік препаратын медициналық қолдануға тыйым салынсын және айналымнан алынып тасталсын», - делінген құжатта.
Дәріні Үндістанның «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы өндіреді.