$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 14:05
Қоғам

Қазақстанда 2,3 млн ауыл халқының жағдайын жақсартатын жобаға конкурс басталды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 1 123 ауылға интернет тартқысы келеді

Қазақстанда 2,3 млн ауыл халқының жағдайын жақсартатын жобаға конкурс басталды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда 2,3 млн адам тұратын 1 123 ауылға сапалы интернет тарту жобасына конкурс басталды. Бұл конкурсқа ұялы байланыс операторлары қатыса алады. Жеңімпаз компанияға мемлекет интернет тартуға кеткен шығының 50 пайызын жабатын грант береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми құжатқа сенсек, жоба 2026-2027 жылдары орындалуы керек.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жедел цифрландыру» жобасын бастады. Сондықтан, байланыс операторлары үшін үлестік гранттар алуға ашық конкурс басталды», - деп жазылған министрліктің ресми ақпаратында.

Жоба сәтті орындалса, интернеті жоқ 1 123 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желілерін салынады. Конкурс жеңімпазы бұл ауылдарға жылдамдығы кемі 100 Мбит/с интернет тартуы керек.

«Бұл жоба шамамен 2,3 миллион адамды жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп сендірді министрлік.

Ресми құжатта неше облыста неше ауыл интернетке қосылатыны жазылған.

  • Абай облысы – 47 ауыл;
  • Ақмола облысы – 99 ауыл;
  • Ақтөбе облысы – 45 ауыл;
  • Алматы облысы – 69 ауыл;
  • Атырау облысы – 49 ауыл;
  • Батыс Қазақстан облысы – 56 ауыл;
  • Жамбыл облысы – 64 ауыл;
  • Жетісу облысы – 77 ауыл;
  • Қарағанды облысы – 68 ауыл;
  • Қостанай облысы – 57 ауыл;
  • Қызылорда облысы – 63 ауыл;
  • Маңғыстау облысы – 7 ауыл;
  • Павлодар облысы – 61 ауыл;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 86 ауыл;
  • Түркістан облысы – 195 ауыл;
  • Ұлытау облысы – 14 ауыл;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 66 ауыл.