Қазір облыста COVID-19 жұқтырған 2313 адам тіркелген
ШҚО-да 1 маусымнан бастап коронавирус жұқтырғандар қатары 135-тен 2313 адамға дейін немесе 17 есеге өсті. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қолда бар 196 ӨЖЖ, 57 мобильді рентген-аппараттарға қосымша 50 ӨЖЖ, 10 рентген сатып алдық. Осылайша, 1 қыркүйекке қарай біздің облыстағы өкпені жасанды желдету құрал саны 246 жетеді», - дейді облыс әкімі.
Науқастар санының күрт артуына байланысты «Д» жоспарына сәйкес 1770 инфекциялық, 1896 провизорлық және 2590 карантиндік төсек-орын ашылды. 227 жансақтау орны жабдықталды. Зерттеу мен диагностиканың бірыңғай алгоритмі жасалды.