Бас прокуратура Нұрлан Сабыровтың төңірегіндегі іске түсініктеме берді

Автор: Нұргүл Абай

Ресей әзілкешке ел аумағына кіруге тыйым салды

Фото: @nurlan__saburov/instagram

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев танымал стендапер Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жыл бойы кіруіне ресми тыйым салынғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз шетелдік органдардың шешіміне пікір білдіре алмаймыз. Барлығы зерттеуді, мұқият қарауды талап етеді. БАҚ-та 170-бап туралы айтылған. Бұл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне жатады», - деді Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынғаны хабарланды. БАҚ ақпаратына қарағанда, әзілкешті «Внуково» әуежайында көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін тоқтатқан. Кейін стендапер Алматыға ұшу туралы шешім қабылдады.