$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2020, 11:44
Қоғам

Түркістан облысында 100 бос орынға 164 білікті маман таласады

Ал солтүстік облыстарда, керісінше, білікті жұмысшылар жетіспейді

Түркістан облысында 100 бос орынға 164 білікті маман таласады

ҚР Еңбек Министрлігі жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мамандары «2020 жылдың екінші тоқсанындағы Қазақстандағы білікті еңбекке деген ұсыныс пен сұранысқа талдау» атты шолуын дайындады. Құжатта өңірлер мен кәсіби топтар бойынша бос орындар серпініне және түйіндемелерге жіті талдау жасалған.

2020 жылдың ІІ тоқсанында Электрондық еңбек биржасында 163 мың білікті маманға (оқытылған және тәжірибелі қызметкерлер) жұмыс ұсынылған. Ал осы кезеңде жұмыс іздеушілер тарапынан 106 мыңға жуық резюме келіп түскен.

Екінші тоқсанда білікті мамандарға сұраныс әсіресе, Алматы (22,5 мың жұмыс орны) мен Нұр-Сұлтанда (16 мың), сондай-ақ, Қарағанды (17,4 мың) және Қостанай (16,6 мың) облыстарында тіркелді.

Ал оңтүстік облыстарда,  керісінше, бос жұмыс орны санынан жұмыс іздеушілердің саны әлдеқайда көп. Мәселен, Түркістан облысында 100 бос орынға – 164 түйіндеме, Жамбыл облысында – 139 түйіндеме, Қызылорда облысында – 126 түйіндемеден келіп отыр. Атырау және Маңғыстау облыстарында да жұмыс іздеушілер бос орындарға қарағанда көбірек түйіндеме орналастырды.

Айта кету керек, оқытылған және тәжірибелі қызметкерлер өнеркәсіптік, құрылыс және көлік кәсіпорындарын жиі іздейді.

Ауыл және орман шаруашылығы, сондай-ақ, балық шаруашылығы мен балық аулау саласында жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де аз. Мәселен, ЭЕБ-да барлығы 1,8 мың бос орын және 1,2 мың резюме тіркелген.

Серіктес жаңалықтары