ДСМ Қазақстан медицинасында қандай мамандардың жетіспейтінін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы кадр тапшылығын сөз етті

Фото: ашық дереккөзден

Ведомствоның хабарлауынша, кадр тапшылығы Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, ШҚО, Қостанай, СҚО, БҚО, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында қатты байқалады. Нақтырақ айтқанда, 616 анестезиолог-реаниматолог, 158 инфекционист, 60 эпидемиолог, 166 кардиолог, 68 пульмонолог, 84 реабилитолог жетіспейді.

Денсаулық сақтау министрлігі жұмысқа тартылған медицина мамандарының бірыңғай базасын әзірлеп жатыр, олардың саны шамамен, 40 мыңнан жоғары. Сондай-ақ, жұмысқа жеке секторда істейтіндердің 60%-дан астамы тартылды.