Қысқы демалыс бір аптаға созылады
Елімізде 9 ақпаннан бастап бірінші сынып оқушылары бір апталық демалысқа шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғанда 7 күнді құрайды.
Ал барлық сынып үшін көктемгі каникул 19 наурызда басталып 29 наурызға дейін жалғасады.
Содан кейін 8 оқу аптасынан тұратын төртінші тоқсан басталады. Соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда соғылады.