Ұлттық статистика бюросы тың мәлімет жариялады
Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ең аз халық саны Ұлытау облысында тіркелген — 218 993 адам.
Халықтың көші-қон есебінен азаюы Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында байқалған.
Қазақстанда қалада тұратын адамдардың саны 13 029 803, ал ауыл халқының саны 7 466 172 адамға жеткен.