02.02.2026, 11:03
Қоғам
Астанада үш әйелден 5,5 млн теңге алып, оларды «TikTok»-та емдеген «тәуіп» алаяқ болып шықты
Ол 2,4 жылға сотталды
Фото: ЖИ жасаған коллаж
Астана қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан. Оның арбауына түскен үш әйел жалпы сомасы 5,5 млн теңге ақшасынан айырылып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, ол бұл ақшаның бәрін құмар ойынға салып жіберген көрінеді.
«Ол үш әйелдің біреуі ауыратынын біліп, ерекше қасиетімен оны емдеп беремін деген. Осы әйел мен тағы екі әйелден жалпы сомасы 5,5 млн теңге ақша алған. Сотта кінәсін толық мойындаған ол осы ақшаның жартысын ішінара қайтарып берген», - деп хабарлайды
Прокурор «тәуіптің» кінәсін толық дәлелдеп, оны 2 жыл 4 айға соттатқан.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды