Ақмарал Әлназарова ақпан айына ерекше мәртебе беріп, қан тапсырды (ВИДЕО)
Министр ақпан айын өтеусіз қан донорлығы айы деп жариялады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақпан айын өтеусіз қан донорлығы айы деп жариялап, осы акция аясында өзі де донор болды. Жалпы, жыл сайын елімізде 180 мың азамат донор ретінде қан тапсыратыны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, донорлардан алынған қан жыл сайын шамамен 80 мың адамға құйылады.
«Жалпыұлттық әлеуметтік бастамаларды қолдау аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақпан айын өтеусіз қан донорлығы айы деп жариялады. Бұл бастама ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік, өзара көмек және гуманизм құндылықтарын нығайтуға бағытталған», - деп хабарлайды министрлік.
Өзі үлгі болу үшін Әлназарова қан тапсыруға барып, донор болған.