Ең ұзақ демалыс Наурыз мейрамына тұспа-тұс келіп тұр
Биыл Наурыз айындағы сенбі-жексенбі және мереке күндерін қосқанда, қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл 1 наурыз жексенбіден басталады. Электронды үкіметтегі мәліметке сүйенсек, биыл Халықаралық әйелдер мерекесі, яғни, 8 наурыз жексенбі түсіп тұр. Сондықтан, бұл мейрамның демалысы дүйсенбі, 9 наурызға ауысады. Осылайша, Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 7,8,9 наурыз күндері демалыс болмақ.
Наурыз мерекесі 21-23 күндері Наурыз мерекесі тойланады. Биыл 21 наурыз бен 22 наурыз сенбі-жексенбіге тұспа-тұс келіп тұрғандықтан, бұл күндердің демалысы 24 наурыз дүйсенбі мен 25 наурыз – сейсенбіге ауысады. Осылайша, Наурыз мейрамына орай халық 5 күн демалады.
Қалған демалыс күндері наурыздың сенбі-жексенбілеріне келіп тұр.