Олардың сотқа жетіп-жетпегені белгісіз
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қылмыстық кодекске сталкинг туралы жаңа бап енгізілгелі бері сегіз қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қателеспесем, 8 қылмыстық іс қозғалды. Бірақ олар сотқа жетті ме, жоқ па, оны айта алмаймын», - деді ол Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
Осы орайда Лепеха Семейде сталкингке тап болған бойжеткеннің оқиғасына қатысты пікір білдірді.
Айта кетері, бойжеткен түнгі үште үйіне келіп, подьездің есігін аша бергенде оған 24 жастағы қыз тап берген. Бұл әрекеті үшін сталкер қызға айыппұл ғана салынған, іс қозғалмаған.
Лепеха осы істің мән-жайын тағы бір мәрте тексеруге уәде берді.
«Осы нақты жағдай бойынша айтарым, біз қазір барлық мән-жайды тағы бір мәрте қайта тексереміз және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдаймыз», - деді министрдің орынбасары.
Естеріңізге салайық, былтыр Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сталкинг туралы жаңа бап енгізілді. Оған сәйкес сталкинг үшін:
Егер қудалау зорлық-зомбылықпен, қорқытумен, бопсалаумен немесе жеке өмірге қол сұғумен ұштасса, іс-әрекет басқа баптар бойынша қосымша сараланады.