Ақтөбелік келіншек WhatsApp-тағы қоңырауға жауап беремін деп 20 млн теңге несие алғанын білмей қалған

Автор: Бақыт Шынар

47 жастағы келіншекті алаяқтар оңбай алдаған

Фото: freepik.com

Ақтөбе тұрғыны, 47 жастағы келіншек WhatsApp желісіндегі қоңырауға жауап беремін деп 20 млн теңгесінен айырылды. Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі халыққа алаяқтық схеманың қалай жасалғанын тағы бір рет еске салды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, егде жасқа таяған әйелдің WhatsApp нөміріне белгісіз адамнан қоңырау түскен. Үйге тартылған газ қызметінің өкілі ретінде танысқан ол әйелдің телефонына SMS-код жіберіп, оны сұрап алған. Бұдан кейін әйелге Ұлттық банк өкілі ретінде тағы бір адам хабарласып, әйелге бірнеше несие алдырған.

Алаяқ әйелдің атына 20 млн теңге несие алдырып, оны өз шотына аударып алған. Қазір полиция әйелдің арызы негізінде алаяққа іздеу жарияланған.