ДСМ-ның мәліметіне сүйенсек, елімізде бұл вирусты жұөтыру дерегі тіркелмеген
Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау маинистрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасында Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда», - деп хабарлаған министрлік.
Министрлік вирустың алдын алу үшін және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде тексеруді күшейткен.
«Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударамыз. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңарып отырады», - деп хабарлайды министрлік.
Денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтау және қайтып келгеннен кейін аурудың белгілері пайда болса, бірден дәрігерге хабарлау керек екенін ескертіп отыр.
«Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ жұқтырған адаммен тығыз байланыста болады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін. Вирус жұқтырған адамның дене қызуы көбейіп, басы ауырып, әлсіздік сезеді, ал вирус ауыр болса, ол адамның орталық жүйке жүйесін зақымдап, пневмония өршіп кетуі мүмкін», - деп хабарлайды министрлік.
Сондай-ақ мамандар Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу және мақұлданған вакцина жоқ екенін айтып отыр.