0-6 сынып оқушылары аязға байланысты қашықтан білім алады
Бүгін, 2026 жылдың 23 қаңтарында Астанадағы мектептердің 0-6 сынып оқушылары қашықтан білім алатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін қалада аяз түсіп, бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары да онлайн форматқа ауысқан еді. Күн жылынбай, аяз күшейе түскен соң білім басқармасы екінші ауысымдағы алты сыныпты қашықтан оқу форматына ауыстырды.
Айта кетейік, «Қазгидромет» еліміздің солтүстік өңірлерінде аяз болатынын хабарлаған еді.